"Көмек" Қоғамдық Қоры/ Физ-Тех
216 подписчиков
        
        Болашақ жастардың қолында. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен әлеуметтенуде жастардың орны өте үлкен. 
Еріктілік қызмет – студенттердің өзара қолдау, көмек көрсету сезімін және әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелейтін жұмыс, жастардың әлеуметтік белсенділігінің көрінісі. 
Сол себепті, біздің мақсатымыз жастардың күш-қуатын өздеріне де (жеке тұлғаның қалыптасуы), өзгеге де (қоғамға) көмегі тиетіндей жолға бағыттау.
 Біздің бағдарлама қорғаушысынан айырылған балалар үйіне және әр-түрлі бағытта маманданған мектеп –интернаттарға еріктілерді тартуға негізделген. Бұл балалар мектеп-интернат немесе балалар үйі қабырғасымен шектелген азғантай аймақтан шықпайды. Оларға отбасылық көңіл жетіспейді. Тәрбиешілердің барлығына бірдей терең назар аударуға физикалық тұрғыда уақыттары әрі мүмкіншіліктері жетпейді. Бұл балалар қоғамнан бөлек бірліктер емес, бәлкім қоғамның бөлшегі, құрамдас бөлігі яки бірлігі. Олай болса олардың тағдыры қоғамның өмірімен тікелей сабақтасып жатыр. Сондықтан қоғам құрауыштарының басым көпшілігі жастар болуы себепті басты жауапкершілік те бізге, жастарға келіп түседі. Біздің бағдарлама бұл жауапкершілікті ақтап шығуда және балалардың көп бөлігінің өзіндік жолын табуына көмек көрсетеді деп сенеміз және бұл жолда қолымыздан келгенше қызмет етеміз.
            
                Название
            "Көмек" Қоғамдық Қоры/ Физ-Тех
        Статус
            Тамшыдай жақсылық – таудай табыстың бастау бұлағы!
                    Страна
            Казахстан
                    Город
            Алматы
                    Url
            komek_fiz_teh
        Id
            46104555
        Тематика
            Открытая группа
        Вики страница
            Свежие новости
                    Сайт
            Блокировка
            Нет ограничений
        Видимость
            Открытая
        Верификация
            Группа не верифицирована администрацией Вконтакте
        Популярность
            У группы нет огня Прометея
        Тип
            Группа
        Возрастные ограничения
            Нет
        Стена
            Открытая
        Контакты
            Утегенова Сымбат
                                    (Председатель)
                            
                                            





























