Семей "Халықтық ақындар орталығы"
357 подписчиков
Семей «Халықтық» ақындар орталығы 1996 жылы қыркүйек айында студия болып Семей қалалық Мәдениет Сарайының жанынан ашылды.
Алғашқы жылдардан бастап оқушылардың және студенттердің жыр мүшәйралары жыл сайын дәстүрге айналды. Сонымен қатар жергілікті ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізудің нәтижесінде СТР және ТВК-6 телеарналары арқылы қала тұрғындарына көрсетіліп отырса, жергілікті басылымдар «Ертіс өңірі» мен «Семей таңы» арқылы жарыққа шығып жарияланып отырды.
Орталықтың атқарған ұшан-теңіз жұмыстарының нәтижесінде мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен 2002 жылы «Халықтық» ұжым деген атақ сертификатымен бірге берілді.
Әр жыл сайын орталықтың қанаты кеңейіп, шәкірттер саны көбейіп отырды. Олар еліміздің барлық қалаларында өткен Республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып, үнемі жүлделі бас бәйге мен бірінші орындарға ие болып жүр.
Орталық ашылғаннан бергі 19 жыл ішінде шәкірттер саны 100-дан асады. Олардың алды әр қалада, әр салада қызмет атқарса, кейінгілері жоғары оқу орындарында студент. Соңғылары мектеп қабырғасында оқушы.
«Халықтық» ақындар орталығы жас таланттардың шешендік, шежірелік қасиеттерін шыңдау барысында жыл бойы өтетін дәстүрлі айтыстар мен жыр мүшәйраларын жолға қойды. Ақпан айында өтетін «Жас өрен» қалалық оқушы ақындар айтысы наурызда Облыстық жас ақындардың «Наурыз нақыштары», мамырда «Шығыс шамшырақтары» атты Облыстық оқушылар айтысы өтсе, қазанда «Ұлағат» атты ұстаздар айтысы, желтоқсанда «Тәуелсіздік таңы» атты Облыстық студенттер айтысы, қыркүйек айында «Тіл ұлттың жаны» атты жас ақындар айтысы үнемі өткізіліп, дәстүрге айналды.
Орталықта тәрбиеленіп жүрген жас таланттар Семейдің ғана емес, жалпы Шығыс Қазақстанның туын желбіретіп, абыройын асқақтатып жүргені анық.
Рухани жан байлығын баға жетпес қазынаға айналдырған орталықтан қанаттанған талантты жастар өмірден өз орындарын табумен қатар, төңірегіне өнер мен білімнің нұрын шашып келеді.
Халықтық ақындар орталығының жетекшілері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ең үздік бапкер» номинация атағын алған, Облыстық әкім сыйлығының иегері, білім министрлігінің ағарту ісінің үздігі Омарбаева Дәметкен Серікбайқызы мен Республикалық «Жігіт сұлтаны» байқауларының және Республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жүлдегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Облыстық мәдениет басқармасының дипломы мен мараппатталған Молдабеков Серік Рысбекұлы.
Название
Семей "Халықтық ақындар орталығы"
Статус
Қош келдіңіз оқырман!
insta:semey_aqyndary
Страна
Казахстан
Город
Семей
Url
club86784916
Id
86784916
Тематика
Открытая группа
Вики страница
Не установлена
Сайт
vk.com/club86784916
Блокировка
Нет ограничений
Видимость
Открытая
Верификация
Группа не верифицирована администрацией Вконтакте
Популярность
У группы нет огня Прометея
Тип
Группа
Возрастные ограничения
Нет
Стена
Ограниченная
Контакты








































