Қамбар Медетов атындағы өнер мектебі

67 подписчиков
Мектеп тарихы Балалар музыка мектебі 1976 жылы ашылды. Алғашқы мектеп директоры Гильдебрант Григорий Григорьевич болды. Бірінші жылдары баян және фортепиано сыныптары ашылып, онда жас мұғалімдер И.Р.Кетлер, К.А.Александрова, В.А.Варкентин, А.П.Медведев қызмет етті. 1977 жылы аккордеон және скрипка сыныптары ашылып, мұнда А.К.Яблуновский мен Л.С.Полегонько еңбек жолдарын бастап, осы уақытқа дейін жұмыс жасауда. 1980 жылы домбыра сыныбы ұйымдастырылды, оның алғашқы ұстазы Д.Қ. Құрманғалиева. 1981жылы мектепті алғаш рет 14 түлек бітіріп шықты. Содан бері 300-ге жуық түлектер бітіріп, олардың ішінде музыка жолдарын таңдағандар да аз емес. Қазіргі таңда музыкалық колледжде үрмелі аспаптар сыныбында Күндебаев П, Рудченко Д, домбыра сыныбында Табыншаев А және қобыз сыныбында Амантурлина Ж, Ильясова А окестр жетекшісі мамандығында оқиды. Биылғы оқу жылында түскендер Қорғанбек Б домбыра сыныбы бойынша, Тлешов Т Астана қаласындағы музыкалық мектебіне домбыра сыныбына түсті. Сонымен қатар Астана қаласында Нұрадинова А, Өтебай Т музыкалық колледжде білім алуда. Мұғалімдер арасында да түлектер бар, олар Иваницкая И.В., Петлюх И.Н., Ысқақов М.Ж., Берденова Ә.Ж, Нетребко Н.В. Мектептің түлегі Е. Кенжалиев (мұғ. Д. Кұрмангалиева) алғашқы еңбек жолын да осы мектептен бастаған. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында университетте дәріс береді, «Арайлы Ақтөбем» оркестрінің дирежері. Г.Әділханова музыкалық колледжде жұмыс жасаса, Ә.Лобода мен А.Камзина оқушылар үйінде жұмыс жасайды. 1993-2009 жылдар аралығында Д.Құрманғалиева директорлық қызмет атқарды. 2010 жылдың сәуір айынан бастап М.Ж.Ысқақов директор болып тағайындалды. Содан бері көптеген жылдар өтті, жаңа сыныптар ашылды: қобыз, терме, үрмелі аспаптар, эстрада, хореография, прима, шертер. Мектепте қазақ ұлт аспаптар оркестрімен қатар эстрадо-симфониялық оркестрі, домбыра, баян, қобыз, эстрада, скрипка ансамбльдері қызмет етеді. ҚР 2001 жылғы 24.07.01 №1000 бұйрығы бойынша мектептің атауын «өнер мектебі» деп өзгертіп, Қамбар Медетов атына ие болды. Қазіргі уақытта мектепте 30 мұғалім жұмыс жасайды. 15 мұғалім жоғары білімді, 12 арнайы орта білімі бар, 3 орта білімі бар, 4 сырттай оқу орнында оқиды. Жоғары категория – 3, І категория – 5, ІІ категория – 10 мұғалім. 2007 жылы Қаратоғай, Қаратаусай, Хлебодар, Коминтернде филиалдар ашылды. Қазіргі таңда 300 жуық оқушылар білім алады.
Название
Қамбар Медетов атындағы өнер мектебі
Статус
Страна
Информация скрыта или не указана
Город
Информация скрыта или не указана
Url
club114301213
Id
114301213
Тематика
Открытая группа
Вики страница
Не установлена
Сайт
kmedetov76@mail.ru
Блокировка
Нет ограничений
Видимость
Открытая
Верификация
Группа не верифицирована администрацией Вконтакте
Популярность
У группы нет огня Прометея
Тип
Группа
Возрастные ограничения
Нет
Стена
Открытая

Подписчики

Возраст:

Дата рождения

Семейное положение: